ДЕКЛАРАЦИЯ

lat: Deklarasıa

[лат. declaratio мәлімдеу, хабарлау] а) мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат; ә) елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 ж. 25 қазаңда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы); б) халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет немесе халықаралық ұйым қабылдайтын құжаттың түрі (Мысалы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 ж. 10 желтоқсандағы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясы); в) заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын кейбір ресми құжаттар (Мысалы, салық декларациясы, кеден декларациясы).