Деконструкция

lat: Dekonstrýksıaá

(deconstruction) ХХ ғасырдағы француз философы Жак Деррида ойлап тапқан сыншылдық әдіс. Деррида метафизикалық философия өкілдері шындық деп сенген әртүрлі бағыттарға талдау жасады. Ол метафизик философтардың мінсіз және алынбас шек немесе идеал (мысалы, санадағы таза формалды идея) орнатып, осы мінсіз идеал айналасында бір-біріне ықпалдас әрі тәуелді терминдер шегіндегі этикалық және онтологиялық айырмашылықтардан тұратын иерархиялық аксиология құрғанын анықтады. Сондықтан бар болу (presence) шындықтың өлшемі ретінде оған дейінгіден жақсырақ және жоқ болудан (absence) жоғары тұрады. Метафизикалық философия Платоннан Гуссерльге дейін адалдық, бекзаттық, сергектік, табиғилық, толымдылық, мән, өздігінен анықталу, адамгершілік, мейірімділік, ұстамдылық секілді жағымды құндылықтарды және сананың ақиқатқа деген шынайы ұмтылысына ақиқат емес жағымсыз құндылықтарды, яғни технология, көрініс, болмау, өлім, айла, қайталау, айырмашылық, қойылым қою т.б. теліп қойды. Деррида бұл иерархиялардың сыни пайымға төтеп бере алмайтынын аңғарды. Расымен де, жағымсыз терминдер жағымды терминдерді терминдердің бірде-бір иерархиясы мүмкін болмайтындай қамтиды. Мысалы, тіпті жалғаннан (ақиқат еместен) өзгеше ақиқат туралы айту үшін де әуелі дифференциация жасау қажет. Сондықтан ақиқатты дифференциациядан тыс түсіну мүмкін болмаса, айырмашылықты ақиқатқа тән емес термин деуге болмайды. Дәл осыған ұқсас, Деррида, Эдмунд Гуссерль сияқты философтар ақиқатты тілдегі мағына механикаларына қатысы жоқ формалды мінсіз идея ретінде анықтаса да, әсіресе қайталау ақиқат идеясына соншалықты жағымсыз сипат телісе де, ақиқатты кемел идея ретінде анықтауға қажетті деп түсінгендерін аңғарды. Мінсіз ақиқат мәңгілікке ұласу керек. Яғни оны қайталап отыру қажет. Ал әр қайталау санада жанды бар болу ретінде алынған және белгінің кеңістіктегі қалыбынан жаттанған күйде болатын толыққанды ақиқат идеясына, болмашы түрде болса да, кеңістіктік айырмашылық енгізді. Метафизикалық дәстүрдегі ақиқатты анықтайтын барлық мінсіз шектерді немесе трансцендентті құндылықтарды шығарып тастауға болатынын көрсетуге болады. Олар өздері түсінуге және сипаттауға ұмтылған күрделі һәм әмбебап қатынастардан тысқары өмір сүре алмайды.