Декорация

lat: Dekorasıa

з а т е с і м. Спектакльдегі оқиғаның болатын жерлерінің сахнада архитектуралы бейнесімен көркемделіп көрсетілуі. Мұнан бөлек біз үш үлкен д е к о р а ц и я жасап отырмыз. Көне Түркістан, Қазақ ауылы, Жоңғар ауылы («Егемен Қазақстан»). Ақ сарайдың тамаша д е к о р а ц и я с ы н ы ң қалдықтары мен Ахмет Ясауи мавзолейінің күмбезді қалпақтары бірінірі ойша толықтырады (Д.Досжанов, Құм жұтқан.). Жасы тоқтасып қалған Марфуға аспай-саспай киім-кешектерді тәптіштеп жүрді де, Ақмарал тосып қалар дегендей: қалқам, д е к о р а ц и я жинап жүрген балалар ғой, солармен бірге қайтармын, үйге бара бер деді (Б.Тәжібаев, Қара торғай).