с ы н е с і м. Әсемдік, сәндік үшін қолданылатын, сәндеуге арналған. Мектеп үйінің алды-артына, участокті қоршаған шарбақтың ішкі жағалауына бес жүз түптей д е к о р а т и в т і к ағаш отырғызды (3.Ақышев, Біздің шамш.). Бұл әдістер қолдан жарық түсіру арқылы овощтар мен д е к о р а т и в т і к өсімдіктерді жыл бойы өсіруге қолданылады (Жалпы биология). Сондай-ақ, тас бітіктің бүгінгі күні дербестеліп, өз алдына отау тіккен тіл білімі, жазу тарихы, әдебиет һәм кітаптану ғылымы, баспасөз тарихы, тасты өңдеудің декоративтік өнері, педагогика, психология, философия және басқа сан алуан саланы тұтас қамтыған синкретті туынды («Егемен Қазақстан»). Үшқаната құлпытастардың көркемдік декоративтік орнаменттік өрнектелуі жөнінен Арал-Каспий маңындағы мазарлардың қайсысынан да алды («Білім және еңбек»).