Делимитациялау

lat: Delımıtasıaálaý

е т і с т і к. Шекараны анықтау жұмысын жүргізу, межелеу. Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны д е л и м и т а ц и я л а у туралы шарттың тарихи маңызы зор («Алматы ақшамы»). Бұл процестің қалай жүргені жөнінде кеше Алматыда Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, шекара мәселелері жөніндегі үкіметтік делегацияның жетекшісі Мұрат Атанов, үкіметтік делегация жетекшісінің орынбасары, Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Биғали Тұрарбеков, Жер ресурстары жөніндегі агенттіктің «Казгеокарт» кәсіпорны ҚР мемлекеттік шекарасын д е л и м и т а ц и я л а у және демаркациялау қызметінің бастығы Сергей Кириллов журналистермен болған баспасөз мәслихатында жан-жақты айтып берді («Егемен Қазақстан»). Айта кету керек, мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық рәсімдеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең д е л и м и т а ц и я л а у. Бұл ретте шекара сызығы белгіленіп, ол арнаулы топографиялық картаға түсіріледі. Екінші кезең демаркациялау. Мұнда д е л и м и т а ц и я л а у ғ а сәйкес шекара сызығы бойында жергілікті аумақта шекаралық белгілер орнатылады. Үшінші кезең шарттық негізде көршілермен мемлекеттік шекара режимін белгілеу («Егемен Қазақстан»).