е т і с т і к. Айтылу, сөз болу. Мыстау, Имантаулар алысырақ д е л і н г е н н е н кейін, мен Жезқазғанда қанша мыс жатқанын шамалап көрдім (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Қазақтар негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. Біздің халықта жер иесі д е л і н е т і н ірі алпауыт жоқ (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). Бірақ Баянауланың болыснайы Құдайберген Қуандық баласының қол қойып, мөр басып жіберген қағазында олай д е л і н б е п т і (З.Ақышев, Жаяу Мұса).