Дем

lat: Dem

Тыныс мүшелері арқылы сырттан ішке немесе іштен сыртқа шығарылатын ауа. Індет меңдеткен ауру адамның д е м і суынып кетеді екен (М.Әуезов, Абай). Үш жағы етектілеу келген қолағаш сияқты танауынан шыққан д е м селдір сақалын желпіп тұрды (Ғ.Мұстафин, Жиырма бес). Д е м і н аузынан алған кочегардың салалы күрек тістері ғана ағараңдайды, өзі қап-қара (Ө.Қанахин, Дәмелі). Жүрегім дүрс-дүрс соғады. Бармайтынымды айтпақшы болып едім, д е м і м бітіп қалғандай ауыз ашуға шамам келмей-ақ қойды (Б.Мұқаев, Аққу сазы).