(demarcatio; de – жоқ; marcare – белгілеу) шекаралану, тірі тканьмен өлі ткань арасында пайда болатын шекара. Осы екі арада демаркациялық қабыну дамып некроз процесінің әрі қарай жайылуына жол бермейді. Кейде некрозға ұшыраған ткань осы жерден бөлініп түседі.