з а т е с і м. с а я с и. Шекараны межелеу әрекеті. Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Биғали Тұрарбеков, Жер ресурстары жөніндегі агенттіктің «Казгеокарт» кәсіпорны ҚР мемлекеттік шекарасын делимитациялау және д е м а р к а ц и я л а у қызметінің бастығы Сергей Кириллов журналистермен болған баспасөз мәслихатында жан-жақты айтып берді («Егемен Қазақстан»). Бұдан соң осы шекараны д е м а р к а ц и я л а у жүргізіліп, бұл процеске 2002 жылы ақырғы нүкте қойылыпты («Егемен Қазақстан»). Ертең Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны д е м а р к а ц и я л а у ғ а байланысты 6 тамыздан бері Ташкентте жұмыс істеп жатқан екіжақты комиссия өз жұмысын аяқтайды («Жас Алаш»). Делимитациялау мен д е м а р к а ц и я л а у жүргізілгенде баспанасы Қазақстанға, қорасы Өзбекстанға қарайтын тұрғын үйлерді қолайлы мекенге көшіру оңайға соқан жоқ («Жас Алаш»).