Демаркациялық сызық [линия]

lat: Demarkasıalyq syzyq [lınıaá].

с а я с и. а) Соғысушы жақтарды олардың уақытша татуласуы кезіндегі бөлгіш сызық. ә) Жеңген мемлекет территориясын зоналарға бөлетін сызық. б) Тұрақты шекара бекітілгенге дейінгі бәсекелескен көрші мемлекеттер территориясында уақытша бекітілген шекара (ҚҰЭ). Хатта уақытша бітім жөніндегі Иордания - Израйль аралас комиссиясы д е м а р к а ц и я л ы қ л и н и я н ы қайта-қайта бұзып оғырғаны жайындағы фактілер айтылған («Соц. Қаз.»).