Демек, яғни, ендеше

lat: Demek, ıaǵnı, endeshe

Бір ойды екінші оймен жалғастырып, айқындау үшін айтылатын шылау сөз.

Диссертаңияны ұнатқан екенбіз, демек, біз де бірдеңе ойлаған болармыз (М. Иманжанов).

Нұрила екеуміз биыл бір класста оқып, яғни төртіншіні бірге бітіргенбіз (С. Сарғасқаев).

Олай десең ойла да, қарауыл бол қоймаға, ол қолыңнан келмесе, егін суғар ендеше (Ш. Смаханұлы).