Демек

lat: Demek

ш ы л а у. Яғни, яки, екінші сөзбен айтқанда. Д е м е к, ми қызметіндегі олқылық қан тамыр қызметіне де, оның ішінде заттар алмасуына да қолайсыз әсер етпей қоймайды (Б.Омаров, Жүрек. ауру). Д е м е к, халықтар арасында бірінен-бірі үлгі алу, өнеге ауысу ертеден-ақ жақсы дәстүр болған деген ойымызды дәлелдей түседі (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Диссертацияны ұнатқан екенбіз, д е м е к біз де бірдеңе ойлаған болармыз (М.Иманжанов, Менің махабб.).