ДЕМОГРАФИЯ

lat: Demografıa

(грекше demos халық + grapho жазамын ) халық пен оның даму заңдылығын зерттейтін ғылым (ұрпақ алмасу, өсу мөлшерін, ұлттық құрамын, аумақ пен өңірге бөлінуін, сыртқы жəне ішкі көші-қондарын т.б.). Демография халық саны мен əртүрлі мемлекеттерде тілдердің таралуының арақатысын, сонымен бірге тілдер мен диалектілердің даму динамикасын ескереді, мысалы, əр тілде сөйлеушілер санына байланысты жұрттың демографиялық қуаты анықталады. Демографиялық тұрғыдан бірдей тілдік ахуалдар мен демографиялық тұрғыдан тең емес тілдік ахуалдар болады. Мысалы, Бельгияда демографиялық жағынан бірдей тілдік жағдаят байқалады: тұрғындарының 39,1% франктілді валлондар, 50,7% фламандтар. Қазақстандағы тілдік ахуал демографиялық жағынан бірдей емес (қар. Халық санағы, Тілдік ахуал).