Демократиялық

lat: Demokratıaályq

с ы н е с і м. Демократияға, демократиялық принциптерге негізделген, демократияға тән. 90-жылдардың басында Қазақстанда д е м о к р а т и я л ы қ институттар институционалдық сипатта дамыды, ол кезде біз жаңа мемлекеттің іргетасын қаладық («Жас Алаш»). Халықтың көзқарасынан туындаған д е м о к р а т и я л ы қ тенденциялар - қиял-ғажайып ертегілермен ғылыми фантастика жанрын бір-бірімен тектестіретін басты шарттың бірі (Т.Сүлейменов, Қиял әлемі.). Абай қазақтың демократиялық ой- пікірінің негізін қалады (М.Ақынжанов, Қаз. ағартушы.).