Демократиялық қоғам

lat: Demokratıaályq qoǵam

қ о ғ. - с а я с и. Халықтық билік; сайлау арқылы жүзеге асатын халық өкілеттері арқылы басқарылатын қоғам. Нағыз д е м о к р а т и я л ы қ  қ о ғ а м адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді, бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес. Қоғам болған соң белгілі тәртіп болады (Д.Кішібеков,.. Философия). Социализмді жетілдіруді көздейтін қайта құру саясаттың ықпалынан біржола арылып болмаған жылдарда тәуелсіздік алып, зайырлы мемлекет, д е м о к р а т и я л ы қ  қ о ғ а м, нарықты экономика орнатуды жариялағанымызбен, соны жүзеге асыратын заңдар шығарылып, жергілікті құқықтық жүйе жасала қоймады (Ә.Кекілбаев, Үш белес).