Демонстрация

lat: Demonstrasıaá

з а т е с і м. 1. Қ о ғ.-с а я с и. Саясиоғамдық т.б. көңіл күйді білдіру үшін жасалатын көпшілік шеруі, салтанаты. Одан кейін бұл жасыл жазық Бірінші май алаңы болды. Әскери парад, мерекелік д е м о н с т р а ц и я л а р осында өтетінҚаз. әдеб.»). Украин әдебиеті мен өнерінің Қазақстандағы онкүндігі екі халықтың мәңгі мызғымас ұлы достығының жарқын д е м о н с т р а ц и я с ы н а айналдыҚаз. әдеб.»). 2. Наразылық білдіріп, қыр көрсетудің түрі. Жау қолынан жазықсыз қаза тапқан ананы жерлеу жұмысы үлкен бір саяси д е м о н с т р а ц и я ғ а айналды (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). Жұмысшылар күрестің жаңа формаларына: экономикалық стачкалардан саяси стачкалар мен д е м о н с т р а ц и я л а р ғ а көше бастадыартия тарихы). Өткен аптаның соңында әлемді дүрліктірген д е м о н с т р а ц и я л а р кезінде ең көп айтылған ұран: «Мұнай үшін қан төгілмесін» деген сөздер болды («Жас Алаш»). 3. Белгілі бір нәтижені, жаңалықты, сән үлгілерін т.б. сипаттап көпшілікке көрсету әдісі. Электр двигательдері мен генераторлардың қайтымдылығын көрсететін д е м о н с т р а ц и я с ы да құрастыру жағынан өте қарапайым («Халық мұғ.»).