Демпинг

lat: Dempıń

з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. Бәсекелестерін ығыстыру үшін тауарлардың бағасын шетел рыноғында төмен құнмен сату, арзан экспорт. Мемлекет басшысы келтірген мәліметтерге сүйенсек, тауар айналымының азаюына Ресей жағының д е м п и н г к е қарсы шаралары мен өте жоғары тарифтері себеп болған («Жас Алаш») Өзара саудадағы қолданылып келген д е м п и н г к е қарсы шаралар бұдан былайғы жерде бірізді ережелермен алмастырылатын болады («Егемен Қазақстан»). Ол үшін артық-кем алымдар мен шектеулерсіз, өзара саудада д е м п и н г к е қарсы шаралар қолданбастан еркін сауда аймағын құру көзделген («Егемен Қазақстан»). Д е м п и н г - экспортердің басқа шетелдік тауарлар жеткізуші бәсекелестерінің алдында артықшылық алу мақсатында тауарларды не қызмет көрсету жұмысын ішкі рыноктік және әлемдік бағадан гөрі төмен бағамен сыртқы рынокта сатуы (ҚҰЭ).