ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ БАЖДАР

lat: DempıńKE QARSY BAJDAR

баға бойынша міндеттемелер қабылдаған өнім берушілердің тауарын қоспағанда, демпингке қарсы қаралған барлық әкелiнетiн тауарлардан алынатын баждар.

Демпингке қарсы баждар демпингтiң зардаптарын жоюға жеткiлiктi көлемде белгiленуге ти.

Демпингке қарсы баждың мөлшерi демпингтiк айырмадан артық болмауға ти.

Уақытша шаралардың енгiзiлуiне байланысты төленген сома демпингтiк айырмадан артық болған жағдайда өнім берушiнiң артық соманы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарып алуға құқығы бар.

Демпингке қарсы баж демпингке қарсы уақытша баждың ставкасынан артық мөлшерде енгiзiлген жағдайда өнім берушіден айырма алынбайды.