Адамдарды аурудан сақтандырып, емдеуді ұйымдастыратын мекемелер. Д е н с а у л ы қ с а қ т а у о р г а н д а р ы мен қоғамдық ұйымдардың көмегі, қамқорлығы ауадай қажет («Егемен Қазақстан»). Д е н с а у л ы қ с а қ т а у б ө л і м і атқа мініп жүре алатын дәрігер бөлді. Қыруар жұмыс осылайша қауырт, қызу қолға алынған еді (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Дүниежүзілік д е н с а у л ы қ с а қ т а у ұ й ы м ы (ДДСҰ) жуырда құрт ауруы қатерлі деңгейге жеткен 10 мемлекеттің атын атады («Жас Алаш»). Егер дәрігер тізбедегі талаптарды орындауға құлықсыз болса, емхана басшысының немесе қалалық д е н с а у л ы қ с а қ т а у д е п а р т а м е н т і н і ң «Сенім телефонына» хабарласуға болады («Алматы ақшамы»). Ол ағарту министрімен, д е н с а у л ы қ м и н и с т р і м е н, Мәдениет министрімен де жүз көрісіп, ұзақ-ұзақ сөйлесіп шықты (М.Әуезов, Өскен өркен). Мұнан кейінгі Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлігінен Қазақ ССР Д е н с а у л ы қ с а қ т а у м и н и с т р і, қазір өзі басқарып отырған А.Н.Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының директорлығына дейінгі аралықтағы қызметтерде халықтың денсаулығын сақтау, жақсарту бағытында ұдайы ізденумен қатар қаншама студенттерге, маман дәрігерлерге дәріс берді десеңізші («Түркістан»).