з а т е с і м. 1. Паровоз, вагондар тұратын, жөнделетін орын. Мұхтар Тихорецк д е п о с ы н а келгенде, бір жаңа өндіріске келгендей болды. Бұл д е п о да парово депосы (С.Бегалин, Жеткіншек). Д е п о теміржолмен жүретін көлікті, өрт сөндіру машиналармен жұмысқа дайындайтын, жөндейтін кәсіпорын (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Д е п о - жылжымалы құрамды (вагондар, локомотивтер, теміржолмен жүретін көтергіш крандар, маторлы вагон секциялары, сондай-ақ өрт сөндіру машиналары т.б.) пайдалануды және оларды жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін кәсіпорын (ҚҰЭ). Аудан орталығы орналасқан Есіл станциясынан екі километрдей жерде д е п о сыртында кішкене ауыл бар (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ.). 2. Бухгалтерлік есеп жөніндегі компьютерлік бағдарламаларда есеп аппаратын жинақтауға арналған жиынтық тізімдемесі (Қаз. тілі термин. Экономика.).