Дере

lat: Dere

з а т е с і м. 1. Мал суарылатын науаны көтеріп тұратын төрт қазық тағалы қондырғы. Ол д е р е г е су құйып, жылқы суарды. Д е р е д е н мал рақаттанып су іштіазақ тілі аймақ. сөздігі). Ата кәсібіміз мал өсіру болған соң, біз қолағаш, д е р е, науа, ер, кебеже, сірге, айыр, тырнауышсыз әрқашан құр қол адам боламыз («Лен. жас»). Құдық басына жетулері-ақ мұң екен. Таңгерейге әкесінің қамшысы жаңбырша жауды. Таңгерей лып етіп д е р е н і ң ішіне түсіп үлгерді (Е.Домбаев, Жаман жәутік). Мал суаратын астаудың төрт аяғын д е р е дейді (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 2. Құдыққа бораған құм, шөп-шалам түспес үшін айнала биік етіп топырақтан жасалған қорған. Құдықтың аузын күзетіп, Ор, д е р е с і н түзетіп. Бет терісін түлетіп, Төбесінен күн өтіп, Шыбын жанын пида етіп... (Ақберен). Айналасына д е р е тәрізді қамыс шалы ұстаған қазақы кең қыстау (Б.Аманшин, Көкжар). Сап болар сүйтіп жүріп сарқылса дем, Қызылдың су иірілген д е р е с і н д е й азар жырау, Шығ.).