Дере

lat: Dere

з а т е с і м. Арна, аңғар. Мұхит, теңіз сулары тау-тас, материктерден қашып, өздерінің аяқ д е р е л е р і н е қарай шегінді (А.Машанов, Жер асты.). [Медеу] Осы Төңірегі екі өзеннің д е р е с і н е н бастап солтүстік батысқа қарай созылған мидай жазық бар дейді (М.Сәрсекеев, Жеті жылдық). Боз далам бала кезде бұзау баққан, Сарылып сәтін күтіп ұзақ жатқан. «Менің де дүркірейтін д е р е м бар! деп, Арманын тұғырынан жүз аунатқан (М.Әлімбаев, Балдәурен).