Дереккөз

lat: Derekkóz

з а т е с і м. Мәлімет, ақпарат алынатын орын. Д е р е к к ө з д е р і н д е Османлы мемлекетінің құрушысы Осман ғазының билігін ресми түрде танығанның белгісі ретінде Салжук оған ту мен дабыл жіберген («Жас Алаш»). Ұлы Отан соғысы адамзат баласына үлкен қасірет алып келді. Кейбір д е р е к к ө з д е р і сұрапыл соғыста 40 миллионға жуық адамның қаза болғанын жазады («Алматы ақшамы»). Бұлардың бәрі халқымыздың рухани өмірінің әр алуан аспектілерін зерттеуде өте құнды ақпараттық д е р е к к ө з і бола алады («Егемен Қазақстан»).