з а т е с і м. с а я с и. Ықпалды, айбынды, күшті мемлекет. В.Путин билікке келген 3 жыл ішінде Ресей д е р ж а в а болуға қайта ұмтылып, халықаралық саясатқа өзіндік ұстаным қалыптастырды («Жас Алаш»). Осының арқасында Қазақстан көмірсутегі шикізаты жөнінен әлемдегі жетекші д е р ж а в а л а р д ы ң қатарына енеді, ал болашақта мұнайды сыртқа шығарушы елдердің алдыңғы қатарынан орын алмақ. Демек, республикамыздың экономикасына шетелдік және отандық инвестиция тартуға кеңінен мүмкіндік туады («Егемен Қазақстан»). Ең сұмдығы, алпауыт д е р ж а в а л а р өз Отанын, туған халқының салт-дәстүр, діл мен дінін ұлттық сана мен дүниетанымын қорғап, қарсылық танытушыларды терорлық ұғымдарға теліп бейбітсүйгіш ұйымдарды да тынымсыз қудалайды («Түркістан»).