Жанға, ауру-сырқауға шипа. Құла дүз, дархан дала жерді кезсем, Көк жусан бетегелі белді кезсем. Д е р т к е д а у а, жүрекке жол табам ба Жылы леп, достық деп елді кезсем (Ноғайбай). Шалқайып үйде жатсаң дәнеме жоқ, Сарф етіп иждаһатпен малын төкпей. Таппасаң д е р т к е д а у а ғазизлерім, Хапасы жұрттың қалың ауыр дерттей (М.Дулатов, Шығ.). Ақ қылаң жылқы жай тартады деп, ақ биенің сүті, ақ байталдың еті д е р т к е д ә р м е н болады деп сенетін (С.Сейфуллин, Шығ.). Сен едің сарғайғанда д е р т і м е е м, Өзіме өле-өлгенше біліп ем тең (Б.Күлеев, Таңд.). Бұл д е р т к е е м ойлады жұрттың бәрі, Бар екен бір қария адамдары. Құшақтап «Байтолланы» тілек қылса, Көңілінен шығар дейді ғашық жары (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).