Десант

lat: Desant

жау тылында соғыс қимылдарын жүргізу үшін дайындалған немесе жау тылына түсірілген әскерлер. Десант алдына қойылған мақсатына және көлеміне қарай тактикалық, оперативтік, стратегиялық болып бөлінеді десант жау тылына түсіру әдісіне қарай әуе десанты, теңіз десанттық құрама десант болып бөлінеді. Егер десант өзен бойына түсірілсе, оны өзен десанты деп атайды. Әуе десанты ұшақ (тікұшақ) арқылы түсіріледі. Оған әскери техника, құрал-саймандар тиеліп, әскерлермен бірге жау тылына тасталады. Теңіз десантын келесі жағаға түсіру үшін - арнаулы десант корабльдері пайдаланылады. Моторландырылған әскерлерді алып өту үшін десант катерлері мен десант корабльдері, танкілер мен әскери техниканы алып өту үшін танк-десанттық корабльдық: транспортты, оқ-дәріні және т.б. жүктерді алып өту үшін броньды амфибиялар қолданылады. Әскерлер ментехниканы ұзақ жолға су арқылы алып жүру үшін десант транспортты пайдаланылады. Сонымен қатар, судсан өту үшін өзен кемелері, понтондар, паромдар, қайықтар қолданылады. Десант түскен жеріндегі белгіленген объектілерді - басып алып, негізгі әскер күші келгенге дейін ұстап тұрады немесе өте қауіпті жау қаруларын жояды.