М. Хайдеггердің фундаменталды онтологиясының негізгі ұғымдарының бірі. Бұл ұғымды Хайдеггер Гуссерльдің жас кезіндегі философиясына, әсіресе оның феноменологиялық редукция тәсіліне қарсы пайдаланады. Егер бұрын Декарт, Кант философиясында сана абсолюта құбылыс ретінде дәріптелсе, Гуссерль сананың белгілі бір объектіге бағытталғанда ғана өз-өзін толтыратынын ашып, идеализмге үлкен соққы жасады. Мысалы сіз Декартты оқымасаңыз, сізде Декарт философиясы туралы түсінік болмайды. Сол сияқты табиғаттың белгілі бір құбылысы туралы ойланбасаңыз, ол туралы да сізде түсінік қалыптаспайды. Демек, санаға тумысынан түсіну қабілеті беріледі де, оның орындалуы сананың ыждаһатына, белгілі бағытта жұмыс істеуіне байланысты. Демек, Гегельдің абсолюта рух туралы ілімі жалған. Себебі бүкіл таным жұмысы жеке саналардың қызметіне байланысты. Міне, осы тұрғыдан Гуссерль бұрынғы философиялық дәстүрге аландаудың қажеті жоқ, бұрынғы түсініктерді жақшаға шығарып, өз кабылдау мүмкіндігіне қарай жаңаша түсінік қалыптастыр дейді. Феноменологиялық редукция дегеніміз осы. Себебі редукция деген сөз орнына қайту, қайтадан бастау деген мағына береді. Егер Гуссерль феноменологиялық редукция ұғымы арқылы әрбір философтың өзінше көзқарас қалыптастыруға ерікті екенін дәлелдесе, Хайдеггер бүкіл бұрынғы философиялық дәстүрді жоққа шығарады. Себебі бұрынғы классикалық философияда болмыстың атойын тыңдай, болмыспен сәйкестікте болу жоқ дейді. Демек, болмысты ұғынудың бұрынғы жолдарын жақшаға шығару керек. Егер классикалық философия бар нәрсе туралы ілімімен шектелсе, Хайдеггер бар нәрсенің өзегі уақыт дейді. Әрбір бар нәрсе тек уақыт ішінде бар, уақыты таусылғанда жоқ болады. Яғни, болмыстың мүмкіндігі уақытта. Сондықтан бұл ұғымдар бір біріне етене жақын. Сонымен, деструкция редукциямен де, конструкциямен де шектелмейді. Деструкция арқылы ғана онтология өз ұғымдарының шынайылығын аша алады. Ал бұл әрекет дәстүрлі метафизикалық ұғымдарды бір уақытта пайдалану мен өшіруіне байланысты. Тарихи-философиялық тұрғыда деструкция Гуссерльдің Abbau, Дерриданың деконструкция ұғымдарымен сабақтас.