з а т е с і м. т е х н и к а л ы қ. 1. Мәшиненің, тетіктің, құрал-жабдықтың ұсақ бөлшегі. Комбайнның ішіне әлдене әлімтіктің сүйегі түскен екен де, қажетті бір д е т а л і үзіліп кеткен екен (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Токарь жасаған әр д е т а л ь неғұрлым берік болса, мәшине де солғұрлым төзімді келеді (Е.Өтетілеуов, Бос шелек). Мәшинені жүн қырқуға даярлау жұмысын тарақ пен жүзді бірдейлестіруден және мәшиненің д е т а л ь д а р ы н ы ң дұрыс орналасқанын тексеруден бастаған жөн (Шопан серігі). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Бір нәрсенің я құбылыстың егжей-тегжейі, нақты жеке тұстары. Музыкалық хор шығармасының орындалуы суретшінің бар білімін салып, әрбір д е т а л і н сызып, әр затты шебер шығаруында (Хормен жұмыс). Д е т а л ь - өмірдің екшеп алынған бір көріністері, характерді, тіршілік бедерін ашуға көмектесетін құбылыс («Қаз. әдеб.»).