(лат. determinare - анықтау) - материалдық және рухани әлемнің құбылыстарының өзара байланысы мен өзара шарттылығының объективтік заңдылықтары туралы философиялық ілім. Оның негізінде Дүниенің әртүрлі жайы (жағдайы) алдыңғы жағдайлардың салдары және келесілерінің себебі болады деген идея жатыр. Басқаша айтқанда, бір кұбылыс екінші құбылысты тудырады (себеп болады), ал ол салдар ретінде келесі құбылыстың себебі болады. Индетерминизм, керісінше, жалпы себептілікті немесе жоқ дегенде оның (себ.) жалпылай және қажетті сипатын мойындағысы келмейді, шешімдердің еркін таңдауын және оқиғалардың өз бетімен дамуын қолдайды.