Детерминация

lat: Determınasıaá

организмнің даму кезеңдерінде бөліктер арасындағы, яғни, морфологиялық жағынан ерекшеленетін ұлпалар мен мүшелер бастамаларының сапалық айырмашылықтарының пайда болуын анықтау. Жеке гендердің белсенділігін өшіру негізінде 40 клеткалардың болашағын анықтайтын құбылыс. Детерминация термині (1900 жылы К.Гайдер ұсынған) клетка материалының морфогенетикалық қасиетін бағалау үшін, сонымен қатар детерминация күйіне жеткізетін процестерді көрсету үшін қолданылады. Клеткалық материалды бастапқы кезеңнің өзінде детерминделген деп санайды, себебі, қайта отырғызу кезінде мүше басқа жерде дифференциалданып, сол мүшеден қалыпты жағдайдағы мүше түзілгенде бірінші рет оның қасиеті көрінеді. Тірі ұрыққа тəжірибе жасағанда (ұрықтың бөлігін алып тастап немесе басқа жерге қайта отырғызғанда, сонымен қатар оларды тұз ерітіндісінде жасанды өсіргенде, оларда морфологиялық ерекше белгілердің туындауы) регенерацияда жəне эмбриогенезде детерминдейтін факторлар мен əртүрлі ұлпалар, мүшелер бастамаларының детерминделген кезеңдері туралы мəліметтер алынды. Детерминация процесі оплазматикалық сегрегация жəне ядро мен цитоплазманың өзара əсері, əртүрлі бластомерлердегі сапалық айырмашылықтар, жекелеген топ клеткаларының бір-біріне əсері негізінде клетка қасиетінің автономды өзгеруін қамтиды. Омыртқасыз жануарларда ооплазматикалық сегрегация жəне дене бөлігінің детерминациясы бөлшектену кезеңінде өте жақсы көрінеді, ал хордалыларда ұрық бөліктерінің өзара əсері мен детерминация органогенез кезеңінде байқалынады. Осы белгілері бойынша мозайкалы жұмыртқасы бар детерминделген түрмен дамыған жануарлар жəне реттеуші жұмыртқасы бар детерминделмеген түрмен дамыған жануарлар деп ажыратады. Қалыпты даму кезінде компетентті материалда индуктордың əсерімен бастапқыда тұрақсыз детерминация, соңынан қайтымсыз, тұрақты детерминация жүреді. Осыдан кейін ғана морфологиялық жіктелудің көрінуі басталынады, яғни, ұлпалардың немесе мүшелердің бастамасы қаланып, оның ары қарай жіктелінуі басталынады. Жіктелудің ары қарайғы кезеңдерінде клетка материалының морфологиялық потенциясының шегі анықталынатын детерминацияның жаңа процестері мен жүйесінің өзара əсерлері қамтылады. Детерминацияның негізіне осы жəне басқа гендердің белсенділігі, əртүрлі РНҚ жəне белоктардың синтезі жатуы мүмкін.