Дезинфекция

lat: Dezınfeksıaá

з а т е с і м. м е д и ц и н а л ы қ. Зарарсыздандыру, ауру тудыратын микробтарды химиялық заттармен тазарту жолы. Су қоймаларын д е з и н ф е к ц и я жасағанда, бір гектарға 25 цент есебінен ерітілмеген әк жұмсалынады (К.Күленов, Қазақст. балық.). Іш киім, сейсептерді шелекке салып, хлорамин ерітіндісін құйып, д е з и н ф е к ц и я жасайды (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).