Дезинфекциялау

lat: Dezınfeksıaálaý

е т і с т і к. Зарарсыздандыру. Дезинфекция жүргізу, жасау. Мақта матадан тігілген киім-кешекті, ыдыс-аяқты өзіңіз д е з и н ф е к ц и я л а й аласыз (Мұны білуге тиіс). Қан алу үшін, қан алынатын жерді шырыштан тазартып д е з и н ф е к ц и я л а й д ы (Т.Телеуғалиев, Балық ауру.). Созылмалы жараны жою үшін, тісті суырып, әлсіздеу етіп д е з и н ф е к ц и я л а й т ы н сұйық затпен ауызды шаю керек (С.Баймақанова, Ауыз. рагы).