көзқарастың тарихи түрі, адамзат мəдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды (философия, қарапайым білім, аңыз, өнер жəне жартылай ғылым). Діни көзқарастың негізіндегі адамның құдайға деген сенімі. Онтологиялық мəселе дін шеңберінде абсолюттың жаратушылық (шығармашылық) қабілетімен байланысты. Құдай дүниені өзінің бейнесіне ұқсас қылып жəне өзінің ерік күшімен жаратқан. Философия тарихында дін философиясы жəне діни көзқарасы орта ғасырда үстемді түрде дамыған. Адамзат тарихында монотеистік дін бағыттарына христиан, ислам жəне буддизм жатады. Дүние туралы білім жəне заңдылықтар, өмір сүру ережелері қасиетті кітаптарда концентрацияланған, оның ішінде Інжіл, Тора, Құран, Авеста, Трипитака т.б. Білім жəне сенім, дін қоғамдық сананың ерекше бір түрі болады. Гносеологиялық тұрғысында сенім жəне білім мəселесі өзгеше орын алады. Орта ғасыр батыс жəне араб-мұсылман философиясында таным процесінде сенім мен ақыл бір-біріне көмескі деп түсінген (Тертуллиан «Сенемін, абсурд болса да!»; Августин «Түсіну үшін сенемін!»; Фома Аквинский ақылды - танымның табиғи ңұры деп, ал діни сенімді - Құдайдың нұры деген); түбінде үстемділік діни сенімге берілген. Білім, сенім жəне күмəн жалпы адам санасының өзгешелігінің көрсеткіші, сол себепті күрделі мəселелердің бірі болады. Мысалы, таным процесінде сенім ролі жоққа шығарылмайды, бірақ та сенімнің гносеологиялық, логикалық-методологиялық мəртебесі, əлеуметтік- мəдени жəне коммуникативтік негіздері мен бастамалары қазіргі гуманитарлық білім үшін өте маңызды.