Дін

lat: Din

қозғалыстың өрістеуіндегі ислам дінінің маңызы. Алаш қайраткерлерінің имандылығы мен кісілік қасиеттері олардың мұсылманша тәрбие, білім алғанынан дарыған табиғи қасиет. Ұлт-азаттық күрестің ішінде ислам дінінің көптеген ірі өкілдері болды. Сондай-ақ қозғалыстың қарқынды жүруіне, зиялылардың бас біріктіруіне Мұсылман съездерінің, Мұсылман фракциясының, «Шура-и-ислам» сияқты қоғамдық-саяси ұйымның рөлдері айрықша байқалды. Бірінші, екінші жалпықазақ съездерінде дін мәселесі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болды. «Алаш» партиясы бағдарламасына дін ісі жеке тарау ретінде енгізілген болатын. Сонымен бірге, дін бірлігі сол тұста қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, әзербайжан т.б. ұлттардан шыққан елшіл қайраткерлердің ортақ мүдде тұрғысынан серіктесіп, өзара байланыста болуларына, ұлт тәуелсіздігі мәселесі төңірегінде ұйымдасуларына айтулы ықпал жасады.