lat: Doıyr, noıys, shadyr, dúleı, urma, urt
Сабырсыз, әрі дөрекі, томырық, бір бет.
Енді байқап жүріңдер, осыған бола ертең-ақ бұлар мені дойыр, тентек атандырады (С. Ләмбеков).
Бастығымыз Ерден деген қатыгез, нойыс, тоңмойын жан еді (З. Шашкин).
Қолына түссең, оңдырмайды, мінезі шадыр адам (С. Жүнісов).
Әмір құдірет етпейтін дүлей Әзімбайды сендердің көзің көрді (М. Әуезов).
Бір берілсе қайта қобалжымайтын, ұрма мінезді Ғани күн санап өсті (Ж. Арыстанов).
Ілиястың әкесі кесек ұрт мінезді, тура адам болғаны белгілі (Р. Нұрғалиев).