з а т е с і м. 1. Құжат. Тоқаш қалтасынан алып Ревкомның мүшесі деген д о к у м е н т т і көрсетті (З.Шашкин, Тоқаш Бокин). Ертемен батальонның штабына келіп Әлия жөніндегі д о к у м е н т т е р м е н таныстым (Ж.Жұмаханов, Әлия). [Сычева] Ол бүкіл денесі снаряд түсіп мылжаланған санитарканың қалтасына өзінің д о к ум е н т і н қалдырып, әлі танылып қашса керек (К.Тоқаев, Тасқын). Қалтамда қатар жатыр д о к у м е н т і м; Әскери билет, паспорт, партбилетім... Мұхиттың аржағынан естіп шуды, Әскери билетімнің ашам бетін (М.Әлімбаев, Құрбыма). 2. і с к е р и. Ресми іс-қағаз, бухгалтериялық есеп-қисап, әртүрлі шаруашылық келісімдер. Балық заводтарының балық аулайтын колхоздармен жасасқан шаруашылық договоры аса маңызды д о к у м е н т болып саналады (К.Күленов, Қазақст. балық.). Олар станцияның д о к у м е н т т е р і н аударыстырып қараған болып, өткен айда істелген жұмыстарға үңіле бастады (Б.Қыдырбекұлы, Ешкім.). Акт ең бірінші есеп д о к у м е н т і болып саналады, сондықтан олар басқа да мемлекеттік есеп д о к у м е н т т е р і м е н бірдей сақталуға тиіс (Ә.Әбішев, Мал дәрігер.).