Доктор

lat: Doktor

з а т е с і м. 1. м е д и ц и н а л ы қ. Дәрігер. Комиссия болып отырған атаман, пристав, тағы басқа чиновниктердің ішінде Мардан елінен шыққан Мақыш деген д о к т о р отыр екен (I.Жансүгіров, Шығ.). Д о к т о р әрбір аурудың жалпы сындарын білген соң, ауырып жатқан бір адамның ауруы не екенін табады (М.Жұмабаев, Шығ.). Сырқатпын, достар, Сырқаттың халі белгілі, Талықсын денем, мехнат шегем кей күні - Айтыңыз, деймін жалынып тұрып д о к т о р ғ а, - Шипасы қайсы дүниенің маған ендігі (Қ.Мүсірепов, Раушан). 2. Ғ ы л. Ең жоғарғы ғылыми дәреже. Қазір олися] ауылшаруашылық ғылымының д о к т о р ы (С.Мұқанов, Алып. адым.). Бұл қалыпта бере алмас ғылым пайда, Бере алмаса, қарғыс бар, алғыс қайда? Сен, міне, д о к т о р болдың терең оқып, Нашарға пайда етуге осы жайда (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Конгресте баяндама жасаған сол кісі Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, өнер ғылымдарының д о к т о р ы, профессор А.Қ.Жұбанов еді (Ж.Рсалдин, Ахмет Жұбанов).