Доллар

lat: Dollar

з а т е с і м. қ а р ж ы. АҚШ, Канада, Австралия, Ливан, Ефиопия т.б. бірқатар елдердің ақша бірлігі (единица). Америкада жеңіл сырқатпен ауырғанда, тәулігіне 15-20 д о л л а р төлеу қажет («Қаз. әдеб.»). Максим Горький бір кезде д о л л а р д ы «сары сайтан деп атаған ғой (С.Сейітов,Жылдар.). Кейде көрсек өмірден тірі қорлық, Кеше ғана демейміз «ірі» болдық. Дауыл жұтқан теңізде кемелердей Д о л л а р жеңген дәуірдің құлы болдық (К.Салықов, Жезкиік).