Донорлық

lat: Donorlyq

с ы н  е с і м. 1. Донор болатын, донорларға арналған. Ұлы Отан соғысы кезінде жылда жұмыс істеуші жүз мыңдаған совет адамдары д о н о р л ы қ пункттерге өздерінің қандарын тапсырды (Аяулы жандар). // Донор болушылық. Д о н о р л ы қ адам өмірін аман алып қалуға, денсаулығын сақтауға көмектеседі (ҚҰЭ). 2. а у ы с п а л ы  м а ғ ы н а. Қордағы, жинақталған, қосымша. Оның үстіне ҮЕҰ алғаш құрыла бастаған жылдарда Алматы еліміздің астанасы болды, д о н о р л ы қ қаржы көздері алдымен сонда ашылды. Мұның өзі ҮЕҰ-да қызмет істеуге, түрлі жобалар мен ұсыныстар жасауға халықтың белсенді тобын ынталандырды («Егемен Қазақстан»).