б и о л о г и я л ы қ. <лат. donare - сыйлау, құрбан ету, acceptor - қабылдағыш> Тірі ағза мүшелерінің, ұлпа, жасушааралық өсімдіктер тіршілігінің негізін құрайтын қатынас. Егер жапырақ тамырды фотоассимиляттармен қамтамасыз етсе, тамыр жерүсті мүшелерді сумен және минералды заттармен жабдықтайды. Біріншісінде, жапырақ донор, тамыр акцептор болса, екіншісінде, керісінше, тамыр донор, жапырақ акцепторлық рөл атқарады. Тіпті әр ярустағы жапырақтар да өзара д о н о р л ы қ-а к ц е п т о р л ы қ қ а т ы н а с т а болады - толық жетілген жапырақ жаңа түзіліп келе жатқан жапырақты қажетті заттармен қамтамасыз етеді (Қаз. тілі термин. Биология).