з а т е с і м. ф а р м а ц е в т и к а. Спорт нәтижесін жақсарту үшін қолданылатын, ағзаның физикалық және психикалық қызметін уақытша күшейтетін дәрмек. Д о п и н г т і ң фармакологиялық және биологиялық түрлері болады. Олардың барлығы да адам өміріне қауіп тудырады (ҚҰЭ). 1967 ж. Халықаралық олимпиялық көптеген спортта д о п и н г т і қолдануға тыйым салу және жарыстарда д о п и н г к е бақылау жасауды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады (ҚҰЭ).