Допты: допты хоккей

lat: Dopty: dopty hokeı.

с п о р т. Мұз үстінде, көгалда доппен ойнайтын ойын түрі. Республикада д о п т ы және шайбалы х о к к е й командалардың саны жылданылға өсіп келеді («Спорт»), Өткен жылдың қоңыр күзінде д о п т ы   х о к к е й д е н СССР чемпионатының жалауы көтерілді («Қаз. әдеб.»). Бұл күндері Алматыдағы Октябрьдің 50 жылдығы спорт сарайында д о п т ы  х о к к е й д е н үлкен турнир өткізілуде («Спорт»). Д о п т ы  х о к к е й д е н еліміздің біріншілігі жыл сайын өтіп келеді («Жас Алаш»).