Дос

lat: Dos

з а т  е с і м. 1. Бір-біріне шын көңілмен берілген сыйлас, сырлас, қимас адам. Д о с жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтадыақал-мәтел). Д о с ы ң а достық қарыз іс, Дұшпаныңа әділ бол! (Абай, Шығ.). Ағайынның жаманы Алдыңа түсіп бас болмас, Артыңа еріп д о с болмас, Ойлағаны қараңғы, Көңілің оған хош болмасердері Әбубәкір, Қазағым). 2. а у ы с п а л ы   м а ғ ы н а. Серік, жолдас. Ит - адамға шын д о с жануар (Ы.Алтынсарин, Шығ.). Құлагер, құлынынан д о с ы м еді, Баспанам жауға тіккен қосым еді (І.Жансүгіров, Өлеңд.). Кел, көктем, келші көктем, кеудеңді тос, Сен едің ежелгі д о с, беделді д о с, Алысқа, әкет мені бір сапарға, Қасыма ескі серік өлеңді қос! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Дүниеге адам болып жаралған соң, Білімсіз құр жүрісің бейне есек. Ақыл қанат, ғылым - д о с, иман серік, Асыл жүрек бермейді, шайтанға ерік (Ә.Найманбаев, Шығ.). 3. а у ы с п а л ы  м а ғ ы н а. Ақылшы. Кенеле көңіл кеңесер Д о с ы м - газет, біл менің, Лебізімнен леп есер Самалындай шілденің (С.Сейітов, Бетпе-бет). Уәсила фермадағы егде сауыншылардың көңілі үшін қысыла отырып бірер он орындап беретін де, одан кейін көңіл ашар д о с ы - кітабына үңілетінауыншы шамшырақ.). 4. а у ы с п а л ы  м а ғ ы н а. Қамқор, жанашыр, жанкүйер адам. Мұқаң... белгілі сыншы, қазақ әдебиетінің д о с ы Кедринаның адресін, телефонын беріпті (Ж.Исмағұлов, Адам.). Өлең сөзін, поэзияны әлеуметтік тартыстың құралы етеді, оны сыншы, тәрбиеші қасиетті д о с етіп ұсынады (М.Әуезов, Әр жыл.). Жайласып жатыр ақырын Зал толы жырдың д о с т а р ы. Тыңдамақ абзал ақынын Ардақты отандастары (Ж.Молдағалиев, Жыр.). // Ақниет, шын сырлас. Әрқашан жанымдасың, Жүректе, көңілдесің. Д о с білек айырылмасын, Қос тілек бөлінбесін! (І.Мәмбетов, Табантал). Неге алмайсың, Қобылан, Д о с қолымен, барымен Созып тұрған семсерді (М.Әуезов, Шығ.). Жырлап ем д о с жүректің сырын аңсап, Жазылса жырларымның жолы жаңсақ, Өзің кеш, Марияшым, өзің тұзе (Қ.Бекхожин, Мариям.).