з а т е с і м. с ө й л е у. 1. Жолдас-жора, жақын-жуық адамды өзіне жақындату нышанымен досым деген мағынада айтылады. Мен үшін бір жігіт бар малын берген, Сол д о с т ы м - неше жылдай соңыма ерген. Нәрсеңіз сіз сұраған - соның мүлкі, Өмірде өз жанынан қымбат көрген (Ә.Найманбаев, Шығ.). Алғашқы қойшы д о с т ы м Аянбай-ды, Бір жанын мен дегенде аямайды. Өлгенше бірге жүріп, бірге тұрдық, Өзгелер болса-дағы түйе-тайлы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Дос, жолдас адамды өзіне жақын тарту ретінде айтылатын қаратпа атауыш. Әй! Д о с т ы м-а й, менің басымда әлі талай қазына жатқанын әлі түсінбей-ақ келесің-ау, - деді Левченко (Т.Жанкелдин, Партизан.).