з а т е с і м. 1. Адамдардың бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқарастағы жылы қатынасы. Д о с т ы қ өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі (ҚҰЭ). Кімге достығың болса, д о с т ы қ достық шақырады, ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен өзін-өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ (Абай, Тол. жин.). Екеуі түбегейлі терең ойға бармай, ақырын көрерміз, қазірше ойнап-күліп жүрейік деп уағда етіп, араларында шын д о с т ы қ ғаламаттары да болып қалды (М.Дулатов, Шығ.). Қожаш пен Ғайшадан басқа да қыз-бозбалалар сүйісіп жатыр, бірақ бұл екеуінің сүйісуі жақындығында риясыз д о с т ы қ бар (С.Көбеев, Қалың мал). Осы гүлдің, д о с т ы қ гүлінің бір жапырағы Розаның бір кітабының арасында әлі сақтаулы жүр (С.Бақбергенов, Өз. жігіт.). 2. Халықтар арасындағы бейбіт, ынтымақты қатынас. Осыған орай Республиканың облыстары мен қалаларында екі елдің д о с т ы ғ ы н а арналған әртүрлі шаралар өткізіле бастады («Алматы ақшамы»).