[лат. dotatio] з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. Кірісінен шығысы асып түсетін кәсіпорындарға мекемелер мен ұйымдарға, кейбір аймақтарға мемлекет тарапынан берілетін қосымша жәрдем қаржы. Дәл осы цехтың кесірінен 1962 жылы мемлекеттен алған д о т а ц и я м ы з миллион сомға жетті (Адам және химия). Кәсіпорындарға мемлекет бюджетінің қаржысы есебінен ұдайы д о т а ц и я беріліп отырды («Соц. Қаз.»). Кәсіпорындарға д о т а ц и я беру, бір жағынан, оларды банкротқа ұшыраудан құтқарады, екінші жағынан, кейбір тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтің бағасын көтеруге жол бермейді, өйткені бағаның бір бөлігі д о т а ц и я есебінен бюджет қаражатынан өтеледі (ҚҰЭ).