ф и з и к а л ы қ. Жеке құраманың радиоактивті сәулеленуін бақылау және әскери техниканың, азық-түліктің, судың радиоактивті зақымдалу дәрежесін анықтау үшін ұйымдастырылатын шаралар жүйесі. Д о з и м е т р и я л ы қ б а қ ы л а у жасақтардың адам құрамының, жұмысшылардың, қызметшілердің жұмыс қабілетін бағалау, медициналық көмек көрсету, адамдарды санитариялық тазартудан өткізу, ауылшаруашылығы малдарын малдәрігерлік тазартудан өткізу, азық-түлікті, суды, мал азығы мен ғимараттарды залалсыздандыру көлемін анықтау үшін мәліметтер алу мақсатында ұйымдастырылып, жүзеге асырылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).