з а т е с і м. ә с к е р и. Соғыс жағдайында әскери бөлімнің алдағы бағытын, жолын бағдарлап отыратын шамалы топ, шолғыншы. Салт атты өткен әскердің кейінгі д о з о р ы болуы керек, суытырақ жортып өтіп бара жатыр еді (Ж.Тілеков, Жоңғар.). - Полктың алды бізден қанша жер кейін деп сұрады капитан хабаршыдан, - Жеті-сегіз километрдей болып қалар деді жауынгер. - Ал, д о з о р л а р ы полк пен біздің ротаның аралығында келе жатыр (Ж.Тілеков, От кешу). Әскери теңіз флотында д о з о р л а р жау әскері пайда болуы мүмкін бағытқа арнайы жіберілетін кемеден немесе ұшақтан тұрады (ҚҰЭ).