з а т е с і м. и н ф о р м а т и к а л ы қ. Компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Д р а й в е р л е р компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOC, Windows, Unics, т.б.) сыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, магниттік дискілер, лазерлік дискілер, пернетақта, курсорды өзгерткіш қолтетік т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады (ҚҰЭ). Д р а й в е р л е р жаңадан шығып жатқан компьютер құрылғыларының қалыптағы қолданылу өрісін кеңейтіп, олардың дискіден мәліметтер алу жылдамдығын арттыруды, әртүрлі ұлттық әліпби әріптерін пернетақта арқылы енгізу, дисплей экранына шығару, қағазға басу істерін, т.б. жеңілдетуге көмектеседі (ҚҰЭ).