з а т е с і м. Ә д е б и е т. 1. Драмалық шығармалардың құрылысы жайлы теория, драмалық шығармаларды зерттейтін ғылым. Қазақ сөз өнерінде д р а м а т у р г и я XX ғасырдың басында қалыптасты. Қазақ жастары ұйымдастырылған әдебиет, ойын-сауық кештері ұлттық сахналық өнер мен д р а м а т у р г и я н ы ң бастамасы болды (ҚҰЭ). 2. Қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Драмалық шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден басталған. Ежелгі гректер д р а м а т у р г и я с ы Құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оның қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид) (ҚҰЭ). Театрдың саны өсіп, сапасы артуы д р а м а т у р г и я н ы ң саны, сапасы артуына үлкен жағдай жасады (С.Мұқанов, Өсу жол.). Қырғыз д р а м а т у р г и я с ы мен ұлт театрының өркендеуі Жантөшевтің есімімен тығыз байланысты («Қаз. әдеб.»).